Мен , 15 жыл бойы нәзік жандыларды ислам нұрымен нәрлендіріп, Құран жолында қызмет етіп келемін.
Ислам гарварды Ал-Азһарда 10 жыл бойына білім алып , сол білімді Нұр-Мүбәрәк университетінде студенттеріммен бөлісіп жүрген жайым бар. Осы жинаған тәжірибем мен білімімді бөлісу мақсатында “ТӘЖ” академиясын құрдым.
15 жылда түйгенім мынау:
Маған “Құран үйренгім келеді бірақ өзім бастай алмаймын, қорқамын” деген сынды хаттар өте жиі келеді. Мен, тек ниет етіп ғана жүре беруге болмайтынын , дұрыс жолды білмегенде адамның ниетінің қалай өзгеріп кететінін түсіндім. Бүгін сіздерге Құранға түсудің ең оңай методикасын көрсетемін және мидағы стереотиптарды жоямын.
Ең қызығын айтайын ба?
Өзім Құранға түсуге қатты қиналып, түрлі методикаларды зерттегем. Бүгінгі бөлісетін методикам осы 15 жылдық зерттеудің нәтижесі. Бұл методикамен сіз Құранды орта жолдан тастап кетпей 100% үйреніп шығатыныңызға мен сенімдімін